50243
«Динамо Алматы» клубының жаттықтырушысы Бәйтеректің алдында аштық жариялады
«Динамо Алматы» клубының жаттықтырушысы Бәйтеректің алдында аштық жариялады
«Динамо Алматы» хоккей клубының жаттықтырушысы Нұр-Сұлтандағы Бәйтерек алдында аштық жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Юрий Богайчук өзінің бейнеүндеуінде клубтың проблемаларына назар аударылғанша Бәйтеректің жанында аштық жариялауды жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді деп жазды Goalkz.kz.
500-ге жуық бала жаттығатын Қазақстандағы ең ірі жеке клуб жаттықтырушысының айтуынша, оларды «Алматы Арена» мұз айдынында толыққанды жаттығу өткізу мүмкіндігінен айырған.
Сондай-ақ клуб өкілі Никита Токатов мәселенің мәнін түсіндірді.
«Қазір біз жаттығуларымызды жалғастыра алмаймыз. Өйткені жаттығудың жартысынан көбін алып тастады. Осының барлығы аренаға қызмет көрсететін «М-Лайн» компаниясының басқаруымен болып жатыр. Аренада бейберекетсіздік. «Алматы арена» спортшылар үшін жабық. Енді онда тек концерттер ғана өтеді. Барлық спортшы «Халық аренасына» көшуге мәжбүр. Бұл – біздің ғана емес, бүкіл қалалық спорттың мәселесі», - деп жазылған хатта.
Посмотреть эту публикацию в Instagram