50370
Ертең ауа райы қандай болады?
Ертең ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 30 тамыз бен 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз, күн жылы болады.
«Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында, 31 тамыз бен 1 қыркүйекте солтүстікте, Батыс Қазақстанның батысында, 1 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді.
Температуралық фонға келер болсақ, ауа температурасының одан әрі жоғарылауы күтіледі, күндіз еліміздің басым бөлігінде термометрлер 25-35 градусқа дейін, батыста және оңтүстікте 30-38 градусқа жетеді», - деді Қазгидрометтен.