Балық етті алмастыра ала ма?

Балық етті алмастыра ала ма?

Балық етті алмастыра ала ма?
ашық дереккөзі
50958
Балық – адам рационындағы маңызды өнімдердің бірі. Дегенмен ол етті толық алмастыра алмайды деп хабарлады turkystan.kz. Балық та, ет те денеге жағымды әсер ететін қасиетке ие. Балық құрамында ағзаға қажетті көптеген зат бар. Бұл туралы диетолог Александр Разаренова айтты деп жазды Sputnik радиосы.
«Әдетте, балық біздің үстелімізде аптасына кемінде екі-үш рет болуы керек. Балық ақуызы етке қарағанда тез, екі-үш сағат ішінде сіңеді. Ақуыздан бөлек, балық майда еритін D, А, Е дәрумендерінің, В дәруменінің және селен, фосфор, магний, натрий және калий сияқты маңызды минералдардың, сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесі ауруларының алдын алу үшін қажет Омега-3 май қышқылдарының көзі», - деді маман.
Егер медициналық көрсетілім болмаса, мәзірдегі ет тағамдарын балықпен толығымен алмастырудың қажеті жоқ. Ақуыздың тағамдық компоненттері неғұрлым әртүрлі болса, аминқышқылдарының көрсеткіші соғұрлым жоғары болады.
«Егер етті мүлде жемей, балықпен алмастырсаңыз, оның орнын толтыратын басқа өнімдерді тұтынуыңыз керек. Бірақ олар қалыпты сіңуі үшін асқазан-ішек жолдары тұрақты жұмыс істеуі қажет», - деді Александр Разаренова.
Дәрігер барлығына арналған бірыңғай рецепт жоқ екенін айтты. Диетаны маманмен бірге жеке талқылау керек.

Серіктес жаңалықтары