Бостан ауылында балалар ойын алаңы бой көтерді

Бостан ауылында балалар ойын алаңы бой көтерді

Бостан ауылында балалар ойын алаңы бой көтерді
ашық дереккөзі
50707
«Халыққа көмек» жобасы аясында «AMANAT» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың мәселесі тыңдалды. Қабылдауға Бостан ауылының тұрғындары Асқар Нұғыман мен Болат Егізбаев келіп, шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңын салу мәселесі бойынша көмек сұрады. Өз кезегінде аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Г.Камамбаева, «Талдыбұлақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы, ауыл әкімі М.Қамшқымбаев тиісті шаралар қабылдады. Нәтижесінде Бостан ауылына шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңы салынып, қолданысқа  берілді.

Серіктес жаңалықтары