Руслан Желдібай бала 18 жасқа толғанша есепшотында қанша қаражат жиналатынын айтты

Руслан Желдібай бала 18 жасқа толғанша есепшотында қанша қаражат жиналатынын айтты

Руслан Желдібай бала 18 жасқа толғанша есепшотында қанша қаражат жиналатынын айтты
ашық дереккөзі
50535
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының Жолдауындағы өзекті мәселе туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады» деп жазды Facebook-тегі парақшасында.
Ол Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша, елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келетінін атап өтті. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады.
«Бұл норма күшіне енген кезде (2024 ж.) 18 жасқа толмаған барлық баланың атына арнаулы шот ашылады. Олар кәмелеттік жасқа толғанша қаржы түсіп тұрады. Шоттардағы қаражат шетел валютасында болатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар, жинақ бойынша пайыздар есептеледі. Бұл шаралар шоттағы қаржыны инфляция қорғауға мүмкіндік береді» деп жазды Руслан Желдібай.
 

Серіктес жаңалықтары