50234
Жамбыл облысындағы шекарашы сарбаздың өліміне қатысты күдікті ұсталды
Жамбыл облысындағы шекарашы сарбаздың өліміне қатысты күдікті ұсталды
Жамбыл облысындағы шекарашы сарбаздың өліміне қатысты күдікті ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі басқармасының әскери қызметкері, қатардағы жауынгер Б.Мираштың қайтыс болуы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, ҚК-нің 451-бабының 2-бөлігі бойынша (ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) тергеу жүріп жатыр.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеуіне байланысты тергеудің барысы мен қылмыстық істің мән-жайы туралы ақпарат әзірге жарияланбайды.