Екі баланы судан аман алып қалған ақтаулық азамат марапатталды

Екі баланы судан аман алып қалған ақтаулық азамат марапатталды

Екі баланы судан аман алып қалған ақтаулық азамат марапатталды
ашық дереккөзі
50213
Ақтауда екі жасөспірім қызды судан аман алып қалған Александр Шарин Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды деп хабарлады turkystan.kz.
«21 тамызда Шарин Алексанр өз отбасымен және достарымен «Золотое солнышко» демалыс базасында тынығып жатқан. Шамамен сағат 17:15-те оның жұбайы сапборд тақтасына есу дағдылары жоқ қыз балалар мінгенін байқаған. Кенеттен жел тұрып, балалар теңіз жағасынан алыстай бастаған. Сол кезде қыздардың анасы көмекке шақырған. Александр ойланбастан суға түсіп, оларға дейін шамамен 100 метр толқынға қарсы жүзіп барды. Сапбордқа қыздардың жанына отырып, жағалауға қарай есе бастаған. Толқынға қарсы есу қиын болған. Жағалауға жақындағанда ол тақтадан түсіп, сапбордты жібінен тартып жағаға шығарды» - деді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.
Департамент бастығы Мұрат Мұханов балаларды құтқару кезінде көрсеткен жанқиярлығы үшін азаматқа зор алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары