50239
Үйлері өртенген қостанайлықтардың банктегі несиелері жабылады
Үйлері өртенген қостанайлықтардың банктегі несиелері жабылады
Қостанай облысындағы өрттен үйлері жанып кеткен отбасыларға «Halyk Bank» 1 млн теңгеден береді және несиелерін жабады. Бұл туралы аталған банктің ресми Тelegram арнасында мәлім етілді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қостанай облысында үйлері өртеніп кеткен әр отбасына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек жіберіледі. Үйінен айрылған адамдар күш жинап, алған қаражатын ең қажеттісіне – тұрғын үйді жалдауға, киім-кешек, тамақ және қажетті тауарлар сатып алуға жұмсайды. Сонымен қатар банк басшылығы жанып кеткен үйлердің барлық иелеріне қолданыстағы кредиттерін жабу туралы шешім қабылдады. Банк басшылығы мен ұжымы Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарының барлық өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарына шынайы жанашырлық танытып, олардың өмірлері жақын арада үйреншікті арнаға оралады деген үмітте», - деп жазылған банктің Тelegram арнасындағы хабарламада.Еске салсақ, 2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртенгені туралы хабарлаған болатынбыз. Төтенше жағдайлар министрі Ю.В.Ильин әуеден барлау жұмыстарын жүргізді. Өрт ауылдарға қарай жалындап, тұрғындар эвакуацияланды және өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды.