«AMANAT» Қостанай облысының өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр

«AMANAT» Қостанай облысының өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр

«AMANAT» Қостанай облысының өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр
ашық дереккөзі
50179
Қостанай облысында табиғи өрттен зардап шеккен ауыл тұрғындары гуманитарлық көмек жіберген барлық жанашыр қазақстандықтарға алғысын білдіріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды. «AMANAT» партиясының Хатшысы Ринат Кертаев атап өткендей, қазақстандықтар табиғи апат кезінде ынтымағы мен бірлігін танытты.  width= «Біз Әулиекөл ауылындағы «Болашақ» стадионында орналасқан штабта болдық. Онда бірде-бір бос орын жоқ деп айтуға болады. Көп мөлшерде азық-түлік пен әр-түрлі заттар жеткізілді. Бұл - шынайы патриотизмнің жарқын үлгісі. Адамдар қай өңірде тұрып жатқанына қарамастан, отандастарына көмектесу үшін жұдырықтай жұмылды», – деді ол. Сонымен қатар, ол зардап шеккен елді мекендердің 34 оқушысы жыл сайынғы «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы аясында мектеп формасы жиынтығымен, оқулықтармен, рюкзактармен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілетінін жеткізді.  width= Өз кезегінде, «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожина зардап шеккендерге тағы не қажет екенін айтты.
«Қазақстандықтардың қолдауын алғашқы күннен-ақ сезіне бастадық. Отандастарымыздың тек жанашырлығы үшін ғана емес, игі іске белсенді атсалысқаны үшін алғыс айтқым келеді. Жеткілікті мөлшерде көмек жиналды. Өрт сөндірушілер азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Зардап шеккендерге мүмкіндігінше тұрмыстық техника мен құрылыс материалдарын жіберуді сұраймыз», – деді ол.
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай өрт сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылар мен әскери қызметшілердің рөлін атап өтті. «ТЖМ-ның барлық жеке құрамына алғыс айтамыз. Бүгін қалалық ауруханаға барып, жергілікті тұрғын Темір Хамитұлының көңілін сұрап қайттық. Ол басын бәйгеге байлап, алапат оттың арасынан ауылдастарын алып шықты. Сөйтіп жүріп түрлі жарақат алды. Зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді ол. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Динара Зәкиеваның айтуынша, эвакуацияланған адамдардың басым көпшілігі уақытша орналастыру пункттерінен кетіп жатыр.
«Қазір онда 78 адам бар. Бұл – 25 отбасы. Ендігі мақсат – олардың қалыпты өмірге оралуына көмектесу. Бұл үшін партия барлық шараны қабылдауда», – деді ол.
Еске сала кетейік, екі күн ішінде аманаттықтар зардап шеккендерге 807 тонна гуманитарлық көмек жинады. «Жастар Рухы» ЖҚ-ның 300 волонтері төтенше жағдай орнында жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 1200-ден астам ерікті гуманитарлық көмек жинау пункттеріне жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары