50772
Алматыда қыз ұрлау дерегі бойынша тергеу басталды
Алматыда қыз ұрлау дерегі бойынша тергеу басталды
Алматы қаласы ПД қызды ұрлау дерегі бойынша тергеудің басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
«Бүгін біздің бөлімшеге А. есімді азаматша келіп, арыз жазды. Аталған дерек тіркелді және тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар қызға алғашқы іс жүргізуде көлікке өз еркімен отырғанын, ауылдастарына ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, ішкі істер органдарын неліктен адастырғаны туралы сұрақ қойылды. Ол достарына сенгендігін айтты. Оқиғаға қатысушылар анықталды, олардың әрқайсысының әрекетіне түбегейлі баға берілетін болады», - деді Алмалы ауданы ПБ бастығы Есен Ысқақов.
Зардап шегушінің айтуынша, ол ауылдастарына сенген. Бірақ жол бойында олар басқа бағытқа бұрылыпты.
«Мен оларға сендім, көлікке отырдым, олар мені үйге апарып тастауы керек еді, бірақ олар қайтадан басқа бағытқа бұрылды. Осыдан кейін оның ата-анасынан мені үйге қайтарсын деген қоңыраулар түсе бастады. Мені тұратын мекенжайым бойынша үйіме әкелді. Жалпы, мен арыз жазғым келмеді, мен тек олардан: "Мені жайыма қалдырыңдар, мен сендерге тиіспеймін" дедім», - деді қыз.