Сыр халқы қостанайлықтарға көмектесу үшін жұдырықтай жұмылды

Сыр халқы қостанайлықтарға көмектесу үшін жұдырықтай жұмылды

Сыр халқы қостанайлықтарға көмектесу үшін жұдырықтай жұмылды
ашық дереккөзі
50201
Бүгін Сыр өңірінен азық-түлік, құрылыс материалдары өзге де қажетті заттар тиелген жүк көлігі Қостанай өңіріне көмек ретінде жөнелтілді. 31 тоннадан астам азық-түлік өнімдері, ауызсу, жеке гигиеналық заттар, төсек жабдықтары мен құрылыс материалдары «AMANAT» партиясы филиалдары жанындағы қабылдау пункттерінде жиналды.  width=
«Жалпы, Қостанай өңірінде болған төтенше жағдайға байланысты «AMANAT» партиясы жылдам шешім қабылдап, 4 қыркүйектен бастап барлық өңірде гуманитарлық көмек жинау пункттерін ашқан болатын. Осы мақсатта «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалымен Қызылорда қаласы, 7 аудан және Төретам кентінде, барлығы 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылып, азаматтардан келген көмекті қабылдады. Бас-аяғы 3 күн ішінде фракция мүшелері, партия белсенділері, жергілікті жомарт азаматтар ең қажетті және жолға жарамды заттарды қабылдау пунктіне жеткізуге үлкен үлес қосты. Мұнан бөлек, Қызылорда облысы әкімдігінің басшылық құрамы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы қостанайлықтарға бір күндік жалақыcын аударды. Бастауыш партия ұйымдары мен партия белсенділері қаржылай көмек көрсетті. Айта кету керек, қызылордалықтардың қайырым-көмегі мұнымен толастамайды. Бүгінде қаржылай және материалдық көмек көрсету шаралары жалғасып жатыр»,- дейді Ләйлә Төрешова.
 width= Атап өту керек, сырбойылық аманаттықтар тарапынан қостанайлықтарға  гуманитарлық көмек ретінде 11 тоннадан астам күріш, 10 тоннадан астам ұн, май, макарон секілді азық-түлік өнімдері,  6 тонна құрылыс материалдары, 4 тонна ауызсу, сондай-ақ гигиеналық заттар, дәрі-дәрмек, жылы киім-кешек пен ыдыс-аяқ, тұрмыстық техникалық тауарлар жөнелтілді. Аталған көмекті Қостанай облысына дейін жеткізу «Жастар Рухы» жастар қанаты аймақтық филиалының белсенділеріне жүктелді.  

Серіктес жаңалықтары