Атырауда үшем дүниеге келді

Атырауда үшем дүниеге келді

Атырауда үшем дүниеге келді
ашық дереккөзі
50257
Атырау облыстық перинаталдық орталығында 22 жастағы Аянгүл Сәбитова үшемді дүниеге әкелді деп хабарлады turkystan.kz. 8 қыркүйек күні дүниеге келген нәрестелердің үшеуі де ұл. Сәбилердің екеуінің салмағы 1 келі 800, үшіншісі 2 келі 200 грамм.
«Қазір ананың да, балалардың да жағдайы жақсы. Балалар анасының қасында, ем-дом жасауға арнайы медбикелер тағайындалды. Қазіргі таңда олар ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Әзірге қашан шығатындары белгісіз», - деді шала туылған нәрестелер патологиясы,  II кезең күту бөлімшесінің меңгерушісі Түрлен Бегеева.
Жас ана жүктіліктің 34 аптасында кесір тілігі арқылы үшемді дүниеге әкелді. Айта кетсек, Атырау облысында 2022 жылдың 8 айы ішінде 11 333 сәби дүниеге келген.  

Серіктес жаңалықтары