50264
Президентке АӨСШК-ні халықаралық ұйымға айналдыру жоспары жөнінде мәлімет берілді
Президентке АӨСШК-ні халықаралық ұйымға айналдыру жоспары жөнінде мәлімет берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының қазіргі қызметімен және Қазақстанның осы ұйымға 2020-2022 жылдардағы төрағалығының қорытындысымен танысты. Әңгімелесу барысында 12-13 қазанда елордада өтетін АӨСШК-нің VI саммитіне дайындық мәселесіне ерекше назар аударылған.
«АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына алдағы саммиттің қорытынды құжаттарының жобаларын келісу үдерісі туралы баяндады.
Сонымен қатар Президентке АӨСШК-ні толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыру – Қазақстанның стратегиялық мақсаты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы алдағы саммитті жоғары деңгейде ұйымдастыру және АӨСШК-тегі мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыру аса маңызды екенін атап өтті», - делінген Ақорда мәліметінде.