Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды

Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды

Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды
ашық дереккөзі
50164
Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы ІІМ-нің көрнекі құралдары бар  Hyundai  автокөлігін ұстаған. Бұл туралы turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Белгілі болғандай, фильмдердің бірінің әкімшілігі көлікті реквизит ретінде пайдаланған.
«Яғни, сценарий бойынша фильмде патрульдік полициямен эпизод бар. Ол бұл әрекеттердің заңға қайшы және жауапкершілікке әкеп соғатыны туралы ойланбастан, полицияның қызметтік көліктерінің дәл көшірмесін жасауды ұйғарған. Әрбір кинорежиссер қажет болған жағдайда жалған реквизиттер, бұл жағдайда полиция көлігін қолдан жасайтын болса, хаос болады. Ол кезде жалған полицейлерге өздерінің қылмыстық істерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Жалған көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Оның авторларына заң аясында шара қолданылды.

Серіктес жаңалықтары