Елордада ислам институты ашылды

Елордада ислам институты ашылды

Елордада ислам институты ашылды
ашық дереккөзі
50281
Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институты ашылды. Оқу орнының ашылу салтанатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, игі тілегін білдірді деп хабарлады  turkystan.kz Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл орталықтың мақсаты – имамдарға терең білім беру, классикалық еңбектерді оқыту, араб тілін жетік меңгеруіне ықпал ету, діни мәселелерді түсіндіру, қабілетін ашу. Сондай-ақ діни білім іздеп шетелге кететін жастардың өз елімізде білімін жетілдіруіне мүмкіндік береді. Сығанақ көшесінің бойында орналасқан Ислам институтына елімізден шыққан дін ғұламасы Хусамуддин ас-Сығанақи бабамыздың есімі беріліп отыр», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сондай-ақ Бас мүфти институтта Нұр-Мүбарак университетін, ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледжерді тәмамдаған түлектер мен имамдар білімін тереңдете алатынын айтты. Сонымен қатар жас қариларды жігерлендіру мақсатында институт жанынан Ижаза беру орталығы ашылғанын хабарлады.  width=
«Бірнеше бағыттан тұратын Ижаза беру орталығын тәмамдаған шәкірттер ижаза куәлігіне қол жеткізеді. Бұл – терең діни білім аламын, Құранды толық жаттаймын деген жас мамандардың, болашақ ғалымдардың рухани әрі ғылыми орталығы болады деген сенімдемін», - деді ҚМДБ Төрағасы.
Бас мүфти салтанатты шараға жиылған көпшілікке Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының директоры қызметіне белгілі ғалым Бағдат Манабаевтың тағайындалғанын хабарлап, қызметіне игілік тіледі.  width= Орталыққа 50-ге жуық дін қызметкері қабылданды. Олар екі жыл бойы білімін жетілдірмек.  

Фото: facebook/Ағабек Қонарбайұлы

 

Серіктес жаңалықтары