50312
Дәрігерлер II Елизавета патшайымның денсаулығына алаңдаулы
Дәрігерлер II Елизавета патшайымның денсаулығына алаңдаулы
II Елизавета патшайым Балморалда медициналық бақылауда. Дәрігерлер оның денсаулығына алаңдап отыр деп хабарлады turkystan.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.
«Бүгін таңертең қосымша тексеруден кейін дәрігерлер патшайымның денсаулығына алаңдап, оған медициналық бақылауда болу керегін айтты», - деді Букингем сарайы бейсенбіде. Патшайым қазір Балморалда. Патшайымның ұлы, ханзада Чарльз Балморалға, патшайымның шотландтық резиденциясына келген, қазір қасында. Корнуол герцогі де сол жерде. Ал Кембридж герцогі жолға шықты.
Сондай-ақ ханзада Эндрю да Балморалға баратын болады. Анна ханшайым қазір Шотландияда. Патшайымның немересі, ханзада Гарри мен оның әйелі Меган да Шотландиядағы Балморал сарайына барып, патшайымның жанында болмақшы.
Бір күн бұрын 96 жастағы патшайым Үкіметтің құпия Министрлер кеңесіне қатысудан бас тартты. Отырыс интернетте өткен болатын. Дәрігерлер оған демалуға кеңес берген.
Сарайдың қазіргі мәлімдемесі маңызды болуы мүмкін дейді Би-Би-Сидің бұрынғы корольдік тілшісі Ричард Сумнер.
«Әрине, 96 жаста денсаулығың 25-тегідей болмайды. Бұл өткінші нәрсе деп үміттенемін. Алайда менің ойымша, сарайдың тұжырымына сүйенсек, бұл салмақты дүние болуы мүмкін», - дейді ол.Премьер-министр Лиз Трасс бүкіл ел бұл жаңалыққа қатты алаңдап отырғанын айтты. Лейбористер көшбасшысы, сэр Кейр Стармер мен Шотландияның бірінші министрі Никола Стурген мәртебелі патшайымның денсаулығына қатты алаңдайтынын жеткізді. Уэльстің бірінші министрі Марк Дрейкфорд патшайымға Уэльс халқының атынан ізгі тілегін жолдады.