Сейсмология институтының қызметкерлері кешенді-тактикалық оқу-жаттығуға қатысты

Сейсмология институтының қызметкерлері кешенді-тактикалық оқу-жаттығуға қатысты

Сейсмология институтының қызметкерлері кешенді-тактикалық оқу-жаттығуға қатысты
ашық дереккөзі
50250
«Таңбалытас» шатқалында Сейсмология институтының қызметкерлері «Қазқұтқару-2022» кешенді-тактикалық оқу-жаттығуына қатысты деп хабарлады turkystan.kz. 2022 жылдың 7 қыркүйегінде Сейсмология институтының қызметкерлері Алматы облысының «Тамғалытас» шатқалында орналасқан «Астана – Жартасты қала» полигонындағы «Қазқұтқару – 2022» кешенді-тактикалық оқу-жаттығуына қатысты. Оқу-жаттығудың мақсаты – еліміздің аймақтарында жедел құтқару жасақтарының кез келген уақытта дайын болуы, төтенше жағдайлар кезінде адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқару кезінде тәсілдерді меңгеру.  width= ҚР ТЖМ «Сейсмология институты» ЖШС директоры Дәулет Сәрсенбаев «ХХІ ғасырдың цифрлық сейсмологиясы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама аясында директор халықтың алдында тұрған негізгі сын-қауіптердің  болжамын ұсынып, сейсмикалық қауіп пен сейсмикалық ықтималдылықты бағалау және күшті жер сілкінісін болжаудың негізгі ғылыми мәселелерін тұжырымдады.  width= Сондай-ақ ол сейсмологиялық бақылаулардағы іргелі және қолданбалы жұмыстардың цифрлық технологияларға жаһандық көшуін және қауіптің барлық түрін бақылау және алдын алу бойынша цифрлық жобаларды зерттеу нәтижелерін атап өтті. ҒТХЖБ секторының меңгерушісі Әлібек Ибрагимов өз баяндамасында жер сілкінісі, сейсмология ғылымы, сейсмикалық толқындар және сейсмограмма туралы жалпы түсінік берді. Сонымен қатар ол Қазақстан аумағында атқарылған маңызды жұмыстар мен барлық сезілетін жер сілкінісі туралы егжей-тегжейлі баяндады. Бұл ретте ол қатысушыларға жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық берді.        

Серіктес жаңалықтары