50309
Тұншығып қалған інісін құтқарған қыздың әрекетіне жұрт сүйсінді
Тұншығып қалған інісін құтқарған қыздың әрекетіне жұрт сүйсінді
Желіде мармеладқа тұншығып қалған бес жасар баланың видеосы тарады. Оны әпкесі құтқарып қалған деп хабарлады turkystan.kz.
Оқыс жағдайда шұғыл әрекет еткен қыздың әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті. Видео Zello.aralskk Instagram парақшасында жарияланған. Аружан есімді қыз інісі Абзал мармеладқа қақалып, дем жетпей жатқанда алғашқы көмек көрсетіп, інісін құтқарып қалды. Бұл сәт үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан әпкесі інісінің арқасынан ұрғанын көруге болады. Содан соң ол кеудесінен құшақтап, сілкілей бастаған. Осыдан кейін мармелад сыртқа шығып, тұншығып қалған бала дем ала бастады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram