50275
Головкин «нокаутқа жіберемін» деп қорқытқан «Канелоның» мәлімдемесіне жауап берді
Головкин «нокаутқа жіберемін» деп қорқытқан «Канелоның» мәлімдемесіне жауап берді
WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Sporting News-ке берген сұхбатында өзінің қарсыласы Сауль «Канело» Альварестің бұған дейін GGG-ді нокаутқа түсіріп, мансабын аяқтатуға уәде бергеніне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
– «Канело» сізді нокаутқа түсіргісі келетінін мәлімдеді. Менің ойымша, бұл қызық. Өйткені сіз нокдаунға да түспегенсіз. «Канелоның» мұндай мәлімдемесін әлсіздіктің белгісі деп санамайсыз ба?
– Білмеймін, ол үшін жауап бергім келмейді. Біз оның мінез-құлқын баспасөз конференциясында байқадық. Дмитрий Биволмен болған жекпе-жектен кейін оның қалай қол көтергенін көрдік. Сірә, жеңгеніне сенген болуы керек. Бұл оның шындықпен байланысын жоғалтқанын және өз әлемінде өмір сүретінін көрсетеді.