Абай облысында жеңіл жүрісті 8 әйел ұсталды

Абай облысында жеңіл жүрісті 8 әйел ұсталды

Абай облысында жеңіл жүрісті 8 әйел ұсталды
ашық дереккөзі
50202
Абай облысында интимдік қызмет көрсеткен 8 әйел анықталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Абай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 7-9 қыркүйек аралығында өткізілген «STOP-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында облыс орталығының аумағында орналасқан екі жердегі боди массаж салондарында жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды анықтады. Интимдік массаж қызметін көрсететін қыздар Алматы қаласының, Қарағанды, Павлодар облыстарының тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың жеке басын анықтау үшін үш қыз қабылдау бөлмесіне орналастырылды. Барлық қыз қылмыстық есепке қойылды.  Қазір притондар анықталған үй-жайлардың меншік иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабына сәйкес құжаттар жиналып жатыр. Осы баптың санкциясымен 100 АЕК немесе 300 мың теңгеден  астам айыппұл сомасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары