Өткен жылы инфляция 8,5 пайызды құрады

Өткен жылы инфляция 8,5 пайызды құрады

Өткен жылы инфляция 8,5 пайызды құрады
ашық дереккөзі
379

2016 жылы Қазақстан Республикасында инфляция 8,5 пайызды құрады. Өткен жыл үшін баға азық-түлік тауарлары бағасы 9,7%, азық-түлік емес тауарларға – 9,5%, ақылы қызметтерге – 6,1%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлайды.

Ағымдағы жылдың басынан бері (2016 жылғы желтоқсан 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі шайға 38,9%, жармаларға – 31,3%, жұмыртқаға – 20,3%, нанға – 17,2%, қантқа – 17%, кондитерлік өнімдерге – 16,6%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге – 15,8%, картопқа – 15,6%, құс етіне – 13,8%, салқындатылған сусындарға – 13,2%, күнбағыс майына – 11,8%, макарон өнімдеріне – 11,3%, жеміс және көкөніс шырындарына – 10,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 10,6%-ға белгіленді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 17,7%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына – 14,2%, жеке қолданатын тауарларға – 13%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 12,3%, тоқыма бұйымдарына – 11,2%, тұрмыстық аспаптарға – 11,1%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 10,2%, автомобильдерге – 9,2%, киім және аяқ киімге – 9%-ға құрады. Дизель отыны 38,2%, баллондағы сұйытылған газ – 16,1%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 10,1%, жолаушылар көлігінің – 7,2%, мейрамханалар мен қонақ үйлердің, сақтандыру, құқықтық қызметтеріне – 7%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 6,8%, білім беру – 6,6%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының – 5,2%-ға өсті.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 25,2%, суық суға – 12,2%, қоқыс шығаруға – 11%, орталықтан жылытуға – 8%, ыстық суға – 7,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 7,5%, электр энергиясына – 6,1%-ға өсті.

Серіктес жаңалықтары