50641
Көрнекті қаламгер Ақселеу Сейдімбектің Ұлытаудағы ескерткіші көпшілікке ұнамады
Көрнекті қаламгер Ақселеу Сейдімбектің Ұлытаудағы ескерткіші көпшілікке ұнамады
Ұлытауда көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің ескерткіші пайда болды деп хабарлады turkystan.kz DALA INSIDE Telegram арнасына сілтеме жасап.
Алайда тас мүсін көпшілікке ұнамаған.
«Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында орнатылған ескерткішті қарап, от ауызды, орақ тілді адамды танымай қалдық. Мына ескерткіш Ақселеу Сейдімбектің мінезін, харизмасын көрсете алмапты. Ақселеуді Ақселеу қылған мінез ғой. Ескерткіште оның мінезі көзге бірден түсу керек еді. Ал мына ескерткіште мыжырайған, тұрмыстың тауқыметі жеп қойған, ішкі саясаттың кеңсесінен ұзап шықпаған біреуді еске түсіреді екен» деп жазылған хабарламада.