«Менің де көңілімнен шықпады»: әкім ескерткішке қатысты пікір білдірді

«Менің де көңілімнен шықпады»: әкім ескерткішке қатысты пікір білдірді

«Менің де көңілімнен шықпады»: әкім ескерткішке қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
50387
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің ескерткіші орнатылған болатын. Алай көпшілік тас мүсіннің сәтсіз шыққанын айтып, сынады деп хабарлады  turkystan.kz Осыған байланысты аудан әкімі Юржан Бекқожин пікір білдіріп, осы жағдайға қатысты тиісті шара қолданылатынын жеткізді.
«Бүгін, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кентінде Ақселеу Сланұлы Сейдімбекке арналып ескерткіш бой көтерген болатын. Бұл ескерткішті Ақселеу Сланұлының інісі Асылхан Сейдімбек өз қаражаты есебінен жасатып, барлық құжаттары дұрыс екендігін жеткізген. Алайда бүгінгі күні жаңадан ашылған ескерткішке қатысты азаматтар тарапынан бірқатар наразылықтар туындауда. Ақселеу мүсіні менің де көңілімнен шықпады. Осыған орай, ескерткішті тапсырыс берушілерге қайтару туралы шешім қабылданды. Орнына талапқа сай, тұлғаның бейнесіне сәйкес келетін ескерткіш қою үшін тиісті шаралар қолданылатын болады», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары