50217
Енді анализ нәтижесін мобильді қосымша арқылы білуге болады
Енді анализ нәтижесін мобильді қосымша арқылы білуге болады
«AMANAT» партиясы жанындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің отырысына Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев қатысты. Жиында вице-министр денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруға қатысты баяндама жасады деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгінде 40-тан астам ақпараттық жүйе бар. Олармен ведомстволық бағынысты ұйым - республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы айналысады.
Осындай жобалардың бірі - HAL S жаңа ядросы негізінде барлық жүйені біріктіру:
- вакцинация порталы құрылды, соның арқасында eGov mobile электрондық паспорттарын есепке алу ісі жүргізілді;
- Ashyq интеграциясы;
- Қазақстан азаматтарына басқа елге барған кезде мобильді қосымша арқылы ПТР-тест ұсынуға мүмкіндік беретін «COVID-сіз саяхат» интеграциясы;
- ҚР аумағында дәрілік заттарды топтастыратын жүйе әзірленді.
«Еңбек министрлігімен бірлескен жобалар жүзеге асырылды. Мысалы, мүгедектікті толық электронды форматқа көшіру. Бұл пациенттерге қағаз құжаттарды алып жүруден бас тартуға мүмкіндік береді», - деді Бейбіт Есенбаев.Сонымен қатар жыл соңына дейін зертханалық зерттеулердің бірыңғай жүйесі құру жоспарланып отыр.
«Кеше біз Invivo, Olimp сияқты ірі зертханаларға бардық. Олар қазір осы жүйемен жұмыс істей бастады. Бұл бізге, Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтардың зертханалық зерттеуінің нәтижесі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Тиісінше, біз қандай да бір ауруды алдын ала талдап, анықтай аламыз», - деді ол.Вице-министрдің айтуынша, бұл жүйе азаматтар қай жерге анализ тапсырса да, талдау нәтижесін сандық түрде, мобильді қосымша арқылы алуға мүмкіндік береді.