50206
Суға батып кеткен футболшының денесі бес күннен кейін табылды
Суға батып кеткен футболшының денесі бес күннен кейін табылды
Павлодарда жағадан құлап кеткен футбол жаттықтырушысының денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодарда Ертіс өзеніне құлап кеткен жігіттің денесі Ақсуға шығатын көпірдің астынан табылған. Vita іздеу жасағының мәліметінше, суға батып кеткен Роман Богдановтың денесін балық аулап жүрген адам кездейсоқ байқап қалған.
- Қаза тапқан адамның денесі сағат 16:53-те судан шығарылды, - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.5 қыркүйек күні «Ертіс» футбол командасының жаттықтырушысы 1995 жылы туған Роман Богданов достарының көз алдында жағадан құлап кеткен болатын. Балық аулап жатқанда аяғы тайып кеткен. Жас жігіт жүзе алмайтын болған. Құтқарушылардың мәлімдеуінше, Роман құлаған жердің тереңдігі - 12 метр.