21 жыл бұрын Нью-Йоркте қазақстандық әйел неден қаза тапты?

21 жыл бұрын Нью-Йоркте қазақстандық әйел неден қаза тапты?

21 жыл бұрын Нью-Йоркте қазақстандық әйел неден қаза тапты?
ашық дереккөзі
50249
Осыдан тура 21 жыл бұрын, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығында болған теракт салдарынан 2 977 адам қаза тапты. Оның ішінде 32 жастағы отандасымыз Жанетта Цой бар деп хабарлады turkystan.kz  Orda.kz-ке сілтеме жасап. 2001 жылғы 11 қыркүйек күнгі таңғы сағат 9.00. Бұл күні қазақстандық Жанетта Цой жаңа өмірге алғашқы қадамын бастады. Өйткені бұл АҚШ-та бір-екі сағатқа ғана созылатын жаңа жұмыстың бірінші күні болатын. Ол  күйеуі Вячеслав екеуі барлық қиындық артта қалды және енді оларды «әдемі болашақ» күтіп тұр деп сенді. Жанетта Дүниежүзілік сауда орталығындағы жаңа жұмысына бұрын тек фильмдерде ғана көретін зәулім  ғимараттарды аралап жүріп жетті. Бәрі кинодағыдай басталды Алматылық 32 жастағы Жанетта Цой Америкаға Marsh & McLennan компаниясының Қазақстандағы кеңсесінен ауысты. Бұған дейін ол АҚШ-та отбасымен тұруға мүмкіндік беретін жасыл карта ұтып алған болатын. Бірақ ол әлі де  қазақстандық еді. Оған өзі  есепші болып жұмыс істеген компания Нью-Йорктегі кеңсесінен жұмыс ұсынды. «Бұл - тағдырдың сыйы» деп ойлады жас отбасы. Бірақ тағдырдың бұл сыйы  оларға ешқашан ұмыта алмайтын өшпес мұң сыйларын сезбеді. «Сол күні жұмысқа асықты» Жанетта 17 қыркүйекте жұмысқа шығуы керек еді. Бірақ компания басшылығы ерте келуді өтініп, ол жұмыс күнін 11 қыркүйекте бастады (кейбір деректерде 10 қыркүйекте). Бұлай асықпаса, қазір тірі жүрген болар ма еді, кім білген.
"Ол сол күні жұмысқа қатты асықты. Кешігіп қалудан қорықты. Мен бәрінің жақсы басталғанын қаладым. Алайда бәрі басқаша сипат алды", – деді оның күйеуі Вячеслав Лигай журналистерге.
Әл-Қаида содырлары (ред. – Қазақстанда тыйым салынған ұйым) ұшақты Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратына бағыттап, жарып жібергенде, отандасымыз Жанетта жұмыс орнында отырған болатын. Бірнеше ай бойы Жаннетта қайтыс болғандар мен тірі қалғандар тізімінде болмады. Алғашқы күндері ҚР Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ деп мәлімдеген. Жанеттаның ата-анасы мен күйеуі оның тірі екеніне сенімді болды. Бірақ жеті айдан кейін үміт үзілді – сараптама ғимараттан табылған сүйектің қазақстандық әйелге тиесілі екенін растады.
"Қызымыздың қайда жұмыс істейтінін білеміз. Жаңалық шыққанда бірден оған телефон соқтық. Ол телефонын көтермеді. Вячеслав та қоңырауымызға жауап бермеді. Тек үш күннен кейін біз оның жоғалғанын білдік", – деп еске алады Жанеттаның анасы Раиса Цой.
Жанеттаның туыстары күйеу баласы Вячеслав пен жиендері Александраны бірнеше рет елге шақырған. Бірақ әкесі мен қызы қайтып келуден бас тартты. Айтпақшы, Александра қыз қазір спортта тамаша нәтиже көрсетіп жүр.
"Біз Қазақстанға қайтып оралмаймыз. Өлі ме, тірі ме, әйелім осында. Ол қайда болса, біз әрқашан сонда боламыз", – дейді Вячеслав Цой.
Жыл сайын 11 қыркүйекте Цой отбасы Жанеттаны еске алып, оның бейітін зиярат етеді. Бұл күні АҚШ-тағы қазақстандықтар Жанетта есімі қашалған  мемориалға келіп, гүл шоқтарын қояды. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Америкадағы жарылыс әлемдегі ең ірі лаңкестік шабуыл болды. Барлығы 2 977 адам зардап шекті, оның ішінде 343 өрт сөндіруші, 60 полиция қызметкері бар. Ол жерде АҚШ-тың  басқа 92 штатынан да  адамдар болды. Жыл сайын 11 қыркүйекте Нью-Йорк  теракт құрбандарын еске алады.      

Серіктес жаңалықтары