Жастар концерт тамашалап, көше тазалады

Жастар концерт тамашалап, көше тазалады

Жастар концерт тамашалап, көше тазалады
ашық дереккөзі
50215
Бүгін елімізде отбасы күні тойланып жатыр. Ал кеше 150-ге тарта жас рухтас азаматтар «Береке - бірлікте» атты ашық аспан астындағы концерттен кейін, бір отбасыдай ұйымдасып EXPO аумағындағы барлық қоқысты жинады. Сонымен қатар «Жастар Рухы» белсенділері іс-шара барысында уәкілетті органдармен бірге тәртіпті қадағалады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
«Партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының өкілі Диас Түгелбаев: «Бүгінгі шуақты күнде керемет концерт ұйымдастырылды. Осындай шараның бөлігі болғаныма қуанамын. Қазір біз достарымызбен бірге көрермендерден қалған қоқысты жинайық деп шештік. Бұл өз қаламызға деген махаббатың көрінісі», - деп атап өтті.
Айта кетейік, кеше елордада Президент реформасын халыққа түсіндіру, жеткізуге арналған концерт өтті. 25 мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтарының алдында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың арасында Мирас Жүгінісов, Назима, Ninety One, Айқын Төлепберген, Ернар Айдар, Дильназ Ахмадиева, Yenlik, 2 RAR, De Lacure, Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Бейбіт Қорған, сондай-ақ мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері және басқа әртістер ән шырқады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» ЖҚ (@jastar_ruhy)

Серіктес жаңалықтары