Балалар үйінен қашып кеткен 2 жасөспірім қараусыз қалған үйден табылды

Балалар үйінен қашып кеткен 2 жасөспірім қараусыз қалған үйден табылды

Балалар үйінен қашып кеткен 2 жасөспірім қараусыз қалған үйден табылды
ашық дереккөзі
50209
Оралда Балалар үйінен қашып кеткен 2 жасөспірім табылды деп хабарлады  turkystan.kz. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Зачаган полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары 12 қыркүйек күні шамамен сағат 14.00-де 2007 жылғы Максим Федуллев пен 2013 жылғы Николай Харченконы Меловые горки ауданында орналасқан «Комарово» саяжай қоғамының қараусыз қалған үйінен тапты.
«Іздестіру жұмыстарына БҚО Полиция департаментінің барлық жеке құрамы, еріктілер мен жанашыр адамдар жұмылдырылды. Іздеу екі күн бойы жүргізілді. Жасөспірімдер қашу себебін зеріккендіктен деп түсіндірді. Сол үйден ұрланған заттар қоса табылып, тәркіленді. Дәрігерлер қарағаннан кейін екі жасөспірім отбасылық үлгідегі балалар ауылына жеткізілді. Медициналық тексеру барысында дене жарақаттары анықталған жоқ, кәмелетке толмағандар тарапынан шағымдар түспеді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазір ҚР ҚК 188-бабына (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ведомстводан.
Осыған дейін Оралда балалар үйінен екі жасөспірім жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.  

Серіктес жаңалықтары