Алматыда пойыз 120-дан астам қойды басып кетті

Алматыда пойыз 120-дан астам қойды басып кетті

Алматыда пойыз 120-дан астам қойды басып кетті
ашық дереккөзі
50191
Алматы облысында жүк пойызы 120-дан астам қойды басып кетті деп хабарлады turkystan.kz.
«12 қыркүйек күні сағат 01.24-те Алматы облысының «Жетіген-Құрөзек» аралығында жүк пойызының машинисі темір жолдан өтіп бара жатқан бір отар қойды байқап, шұғыл тежеу қолданды. Алайда қақтығыстың алдын алу мүмкін болмады. Соның салдарынан 530 бас қойдың 123-і пойыз астына түсіп, өлді. Пойыздың тұрағы 13 минутты құрады», - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.
Оның айтуынша, оқиға орнына Алтынкөл станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден жетіп, жүргізілген іс-шаралар барысында малдың иесін анықтады. Ол Алматы облысы Туғанбай ауылының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. «Аталған азамат ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі, яғни темiр жолдың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді полиция генерал-майоры.

Серіктес жаңалықтары