50168
Аяз, тұман: 13 облыста дауылды ескерту жарияланды
Аяз, тұман: 13 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазгидромет 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің 13 облысына ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 14 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оңтүстікте, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Оралда күндіз найзағай ойнап, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 18 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде батыста, оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсіп, түнде облыстың солтүстік-батысында 2 градус аяз болуы ықтимал.
Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус аяз сақталады. Жезқазғанда 14 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады.
Күндіз батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, түнде облыс орталығында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыс орталығында екпіні 23 м/с өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылордада дауыл тұруы мүмкін. Шығыстан соққан жел екпіні күндіз 15-20 м/с. Өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус аяз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында 15-20 м/с.
Абай ауданының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус аяз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градус аяз сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында найзағай ойнап, оңтүстікте, солтүстікте және облыс орталығында дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз оңтүстікте, облыстың солтүстігінде 23 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақтауда 14 қыркүйекте күндіз дауыл соғады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде түнде 2 градус аяз.
Павлодар облысының батысында түнде және таңертең тұман. Облыстың шығысында түнде 3 градус аяз. Павлодарда түнде 3 градус аяз.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде және таңертең тұман. Түнде облыстың оңтүстік-батысында 3 градус аяз.