50363
Астана атауын қайтару: Конституциялық Кеңес Президент өтініші бойынша шешім қабылдады
Астана атауын қайтару: Конституциялық Кеңес Президент өтініші бойынша шешім қабылдады
Конституциялық Кеңес Республика Президентінің өтініші бойынша шешім қабылдады деп хабарлады turkystan.kz.
«Конституциялық Кеңес Республика Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Конституцияның 91-бабының 2-тармағына сәйкестігін тексеру туралы өтініші бойынша шешім қабылдады», - деп жазылған Конституциялық Кеңес хабарламасында.Заң жобасы Конституцияда Республика Президентінің бір мәрте жеті жылдық өкілеттік мерзімін белгілеуді, сондай-ақ ел астанасының атауын өзгертуге байланысты Негізгі Заңның 2-бабына түзетулер енгізуді көздейді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға Қ.Ә.Мәми, Кеңес мүшелері А.Қ.Дауылбаев, В.А. Малиновский, Р.Ж. Мұқашев, Ә.А.Темірбеков және У. Шапактың қатысуымен өткен ашық отырысында мынадай шешім қабылдады:
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, соның ішінде Негізгі Заңның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға, сәйкес деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытындысы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
- Осы қорытынды республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.