Си Цзиньпиннің әуе борты елорда әуежайына қонды

Си Цзиньпиннің әуе борты елорда әуежайына қонды

Си Цзиньпиннің әуе борты елорда әуежайына қонды
ашық дереккөзі
50326
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің әуе борты елорда әуежайына қонды деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды. Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.    

Серіктес жаңалықтары