Горгона Медузасы: TikTok-тағы қайғылы тренд нені білдіреді?

Горгона Медузасы: TikTok-тағы қайғылы тренд нені білдіреді?

Горгона Медузасы: TikTok-тағы қайғылы тренд нені білдіреді?
ашық дереккөзі
50593
Горгона Медузасы, дәлірек айтқанда, оның бейнесі белгіленген татуировкалар TikTok-та жиі кездесіп жүр. Жалпы, бұл сурет нені білдіреді? Горгона Медузасының шығу тегі туралы бірнеше аңыз бар. Соның бірінде –  Медуза деген шашы ұзын әдемі қыз болады. Теңіздер әміршісі оны ұнатып, Афина құдайдың ғибадатханасында бойжеткенді зорлайды. Медуза Афинадан көмек сұрайды. Афина оның шашын жыланға айналдырады. Сол сәттен бастап Медузаға көз салғандардың бәрі тасқа айналып кетеді-міс. Горгонның бейнесі бар татуировкаларды салдырған адамдар қайғысын жұртқа видеоның көмегімен білдірді. Бір жағынан, жігіттер мен қыздар зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын мойындаса, екінші жағынан, өмір сүруге деген құштарлық пен күш-жігерін көрсетуде. Желі қолданушылары бейнежазбада алдымен оқиғаны баяндайды. Кейін өзінің зорлыққа тап болғанын Горгона Медузасы бейнеленген тату арқылы жеткізеді. «Қалай аяқталарын білсем, олай жасамас едім» деген жазба арқылы ішіндегі мұңын шағады.  
@dukenovva Знали бы вы как это тяжело жить этим, и когда тебе говорят мол: -«Ой как ты можешь помнить, то что было в 5 лет!» а вы попробуйте это забыть 💔 #медузагоргона ♬ everything I wanted - Evil☆
 
@bahaashimov00 #переписка #медузагоргона #медузагоргонатату ♬ everything I wanted - Evil☆
 
@kqnqne_ #переписка #медузагоргона #медузагоргонатату ♬ everything I wanted - Evil☆
 

Серіктес жаңалықтары