50339
Тұрғындардың өтінішімен ипподром салынды
Тұрғындардың өтінішімен ипподром салынды
Темір ауданы әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы С.Аманбаевтың қабылдауына ауыл жастары келіп, ауданға ипподром құрылысын салу бойынша өтінішін айтқан болатын.
Осыдан кейін спортсүйер ауыл жастарының өтініші ескеріліп, Темір ауданының қайта құрылғанына 50 жыл толуына орай ипподром құрылысы қолға алынды. Нысанның құрылысын жеке кәсіпкер (ИП) «Нұрай» жүргізді. Қазір нысан пайдалануға берілген.