ОҚО-да жаңа жыл түні 167 сәби дүниеге келген

ОҚО-да жаңа жыл түні 167 сәби дүниеге келген

ОҚО-да жаңа жыл түні 167 сәби дүниеге келген
ашық дереккөзі
458
Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа жыл түні 167 сәби дүниеге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нәрестелердің 87-сі ұл бала болса, қалғаны - қыз балалар. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің денсаулықтары жақсы. Жарқын Үкібаева - жаңадан босанған жас ананың бірі. Ол өмірге қыз бала алып келді. Есімін ырымдап Ізетжан деп қойыпты. Мұнан бөлек оның отбасында үш перзент бар. «Тауық жылының алғашқы түнінде босандым. Дәрігерлер қыз бала екенін айтқанда, қатты қуандым, себебі, үйімде мұнан бөлек үш ер балам бар еді. Енді перзенттерім қарындастарын қарайлап жүретін болды»,-дейді Ж. Үкібаева. Ал Шымкенттегі №1 облыстық перинаталдық орталықта 30 бала туылған. Олардың 16-сы ұл болса, 14-і қыз бала, дейді бөлімше меңгерушісі Шолпан Қалыбекова. Қазіргі мақсат - шақалақтардың денсаулықтарын қадағалап, ертерек үйлеріне қайтару. Себебі, сәбиді анасымен бірге отбасында туыстары күтіп отыр. 

Серіктес жаңалықтары