Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
ашық дереккөзі
50193
Ұлттық Банк қазақстандықтарға алаяқтарға алданып қалмау ескеру жасады деп хабарлады turkystan.kz. Банктің ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, өздерін «полиция қызметкері» немесе «Ұлттық Банк қызметкері» деп таныстыратын қаскүнемдер азаматтарды алдап, несие, микрозайм рәсімдеуге, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша аударуға арбайды. Олар іс-әрекеттерінің заңдылығын растамақ болып «Ұлттық Банктің жалған қызметкеріне» қоңырау шалған болады, қызметкердің жалған куәлігін де көрсететуден тайынбайды екен.
«Алаяқтық әдістердің тағы бір түрі  Ұлттық Банк әзірлеген жеке инвестициялық бағдарламалар деп аталады. Мұндай онлайн платформаларда инвестициялар, жалған лицензиялар және құқық белгілейтін құжаттар туралы жалған ақпарат орналастырылған. Осыған байланысты Ұлттық Банк «құқық қорғау жүйесінің» немесе «Ұлттық Банктің жалған қызметкерлерінен» қоңырау түскен кезде лезде әңгімені үзіп, алаяқтар ойлап тапқан «операцияларды» жүргізуге қатыспау керек екенін ескертеді. Осындай заңсыз әрекеттерден зардап шеккен азаматтар дереу құқық қорғау органдарына хабарласқаны жөн»,– деп жазылған ҚР Ұлттық банкінің хабарламасында.
Ұлттық Банк мобильді қосымшаларды орнатпауды, жеке деректерді жарияламауды, AnyDesk, Team Viewer секілді смартфонды қашықтан басқаратын қызметтерден сақ болуды ескертті. Қандай жағдайда болмасын, телефон арқылы берілген нұсқауларды орындаудан сақтанып, үшінші тараптың есепшотына ақша аудармауды хабарлады. Себебі мұндай аударымдарды қайтару өте қиын.  

Серіктес жаңалықтары