Измирдегі жарылыста үш адам зардап шекті

Измирдегі жарылыста үш адам зардап шекті

Измирдегі жарылыста үш адам зардап шекті
ашық дереккөзі
431
Түркияның батысында орналасқан Измирдегі жарылыстан кем дегенде үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Reuters CNN Turk телеарнасына сілтеме жасап. Жарылыстың сот ғимаратының маңында болғаны айтылады. Түрік ақпарат құралдарының мәліметінше, миналанған көлік жарылып кеткен. Әзірше қаза тапқандар жайлы мәлімет түскен жоқ. Сондай-ақ, Измирде жарылысты ұйымдастырды делінген екі лаңкестің көзі жойылғаны хабарланып отыр. Ал РИА Новости мәліметінше, террористік акт Сириядағы Латакия провинциясының Джабле қаласында болған. Басылым мәліметінше, жойқын жарылыс сол маңдағы стадионда болған. Терактіден тоғызға жуық адам қаза тапқан. 25 адам зардап шеккен. Ал желіде Измирдегі жарылыстың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Вести.Ru. Айта кетейік, теракт салдарынан полицей мен сот қызметкері қаза тапты. Түрік билігі күмәнді автокөлікті тоқтатуға тырысқанын хабарлады. Алайла лаңкестер көлікте жарылыс жасап, құқық қорғау органдарымен атысқан. Салдарынан екі лаңкестің көзі жойылып, біреуі әлі іздеуде жүр. Ал "Россия 24" телеарнасының мәліметінше, бұл қалада Ыстамбұлда теракт жасаған адамның сыбайластарын іздестіру бойынша ірі арнайы операция жүріп жатыр екен. Сирия мен Орталық Азия елдерінің тумалары ұсталыпты. Басылым Ыстамбұлда теракт жасаған адам Түркиядан кетіп қалған болуы мүмкін екенін жазып отыр.

Серіктес жаңалықтары