50229
Вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі тағы ұзартылды
Вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі тағы ұзартылды
Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша ұсталған вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz.
«17 қыркүйек күні тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. М.Төребаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы 30 тәулікке, яғни 17 қазанға дейін ұзартылды», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.Айта кетейік, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде ұсталған болатын.