Сарапшы «мидың жұмысына тәтті көмектеседі» деген «аңызды» жоққа шығарды

Сарапшы «мидың жұмысына тәтті көмектеседі» деген «аңызды» жоққа шығарды

Сарапшы «мидың жұмысына тәтті көмектеседі» деген «аңызды» жоққа шығарды
ашық дереккөзі
50284
Диетолог Руслан Әлиев ақыл-ой жұмысымен айналысқанда шоколад және басқа да тәттілер тұтынудың қажеті жоқ екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Ол көп жыл бойы жарнама мен фильмдерде, әлеуметтік желілерде ақыл-ой жұмысы үлкен энергияны қажет ететіні, оны тәттілер, белгілі бір сусын, батончик жеу арқылы оңай қалпына келтіруге болатыны жайлы ақпарат тарағанын атап өтті. Маманның пікірінше, бұл мүдделі тұлғалардың көбірек ақша табуға деген ниетімен байланысты. Ол мұндай зерттеулерге сенбеуге кеңес берді.
«Күрделі ақыл-ой жұмысы кезінде басқа кез келген әрекеттен  көп калория жұмсамайсыз. 400 ккал. Бұл – адамдар ми белсенділігіне жұмсайтын орташа көрсеткіш», – деп түсіндірді маман Telegram арнасында.
Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауымен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.

Серіктес жаңалықтары