Мемлекет басшысының саяси реформасының бәрі бір мақсатқа негізделген – Қайнар Абасов

Мемлекет басшысының саяси реформасының бәрі бір мақсатқа негізделген – Қайнар Абасов

Мемлекет басшысының саяси реформасының бәрі бір мақсатқа негізделген – Қайнар Абасов
ашық дереккөзі
50336
– Мемлекет басшысы саяси реформалар негізінде, қаңтар айынан бергі  Жолдауында Үкіметке маңызды тапсырма беріп жатыр. Саяси реформа, Конституциялық өзгеріс, бәрі бір мақсатқа негізделген. Ол – Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеру. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Президенттік өкілеттіктің мерзімін 7 жылға соза отырып, бір реттік мерзіммен шектеу жайлы айтты. Президенттік мандаттың бір мерзіммен шектелуі Мемлекет басшысының ұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша назар аударуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жеті жылдық мерзім бастаған істі аяқтауға мүмкіндік береді. Депутаттар тобымен көтерген ұсынысымыз қолдау тапты.  2023 жылдан бастап 2026 жылға дейін тек сайлаумен айналысуымыз қажет. Қазір саяси реформа жүріп жатыр. Саяси реформа, Конституциялық өзгерістің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Бұл тек ұран болып кетпей, іс жүзінде жүзеге асуы тиіс. Болып жатқан өзгерістердің игілігін әрбір азамат көруі керек. Ең бастысы - осы.  

Қайнар АБАСОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты

Серіктес жаңалықтары