929
Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ: Елдігімізді бекіте түссе дейміз
Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ: Елдігімізді бекіте түссе дейміз
– Сайлау туралы Мемлекет басшысының Жарлығы шықты. Осынау қиын жылды жаңадан сайланған Президентпен аяқтағалы отырмыз. Сайлау өтетіні туралы кейбір сарапшылар бұған дейін де айтып жүрген еді. Бірақ, келесі жылы болады деген пікір басым болды. Әлемдегі геосаяси жағдай ушығып тұр. Осындайда сайлаудың тыныш өткенін, елдің аман болғанын қалаймыз. Қоғамның күтетіні – сайлаудың әділ өтуі. Бұл – өте орынды талап. Сайлауға әлі екі ай уақыт бар. Партиялар өз кандидаттарын ұсынып, әділ бәсекелестік болады деп ойлаймын. Президент сайлауы өткен соң Парламент сайлауы бар. Мәжілісте жаңа есімдер көреміз деген үміттеміз. Үкіметті де жаңартпаса болмайтын сияқты. Осылайша біздегі Президент, Парламент, Үкімет қайта түлеп, реформаларды іске асыруға бел шеше кіріспек. Сайлау келген сайын ел дүрлігеді. Бұл – қалыпты құбылыс. Ең бастысы, сайлау елдігімізді бекіте түссе болғаны.