«Жастар рухының» белсенділері ең үлкен Туды желбіретті

«Жастар рухының» белсенділері ең үлкен Туды желбіретті

«Жастар рухының» белсенділері ең үлкен Туды желбіретті
ашық дереккөзі
50307
Астанада Қазақстанның футбол құрамасы Беларусь командасымен өзара бақ сынады деп хабарлады turkystan.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. «Астана арена» стадионында «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері Қазақстанның көк Туын желбіретті. Тудың өлшемі  – 12х24 шаршы метр.  width= Қазақстан құрамасы Беларусь командасын жеңіп, Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында мерзімінен бұрын бірінші орын алды. Қазақстанға жеңісті Михаил Габышев (29-минут) пен Бактиер Зайнутдинов әкелді. Қорытынды есеп - 2:1. Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген. Осылайша, Қазақстан бес кездесуден кейін 13 ұпай жинап, топты мерзімінен бұрын жеңіп алды. Алтыншы, соңғы турда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Әзербайжанмен ойнайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан футбол құрамасын жеңісімен құттықтады.
«Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
 

Серіктес жаңалықтары