50379
Жамбылдағы атыс: күдіктілер ұсталды
Жамбылдағы атыс: күдіктілер ұсталды
Шуда болған атысқа байланысты күдіктілер қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысқандарды анықтады. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқиғаның екі белсенді қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшінші күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ тағы бір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.