Иранның бұрынғы президенті Рафсанджани 82 жасында қайтыс болды

Иранның бұрынғы президенті Рафсанджани 82 жасында қайтыс болды

Иранның бұрынғы президенті Рафсанджани 82 жасында қайтыс болды
ашық дереккөзі
239
Иранның бұрынғы президенті Али Акбар Хашеми Рафсанджани 82 жасқа қараған шағында көз жұмды. Ол 1980-1990 жылдары Иран еліндегі белді саясаткерлердің бірі болған. Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол инфаркт салдарынан қайтыс болған. Айта кету керек, Рафсанджани 1989-1997 жылдары президент тағында отырды, алайда 2005 жылы сайлауда Махмұд Ахмадинежадтан жеңіліп қалды. Алайда, Рафсанджани консервативті прагматик ретінде Батыспен байланысты жақсартуға дайын екендігін жеткізді. Өмірінің соңғы жылдары Меджлис пен Конституция қарауындағы Кеңес арасындағы саяси мақсатқа қол жеткізуді анықтау жөніндегі Кеңестің басшысы ретінде танымал болды.

Серіктес жаңалықтары