50231
Қызылордадағы тергеу изоляторында мантының ішінен флешка табылды
Қызылордадағы тергеу изоляторында мантының ішінен флешка табылды
Қызылорда облысында тергеу изоляторында мантының ішінен флешка табылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жасырын әрекет 17 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 12.30 шамасында анықталған.
Флешканы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесінде бақылаушы байқаған. Тыйым салынған затты қамауда отырған, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3-тармағымен айыпталушы 42 жастағы азаматқа әйелі әкелген.
Мекеменің қырағы қызметкері мантының ішінен фольгаға оралған бір сұр түсті флешканы анықтады. Анықталған факті бойынша ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, істі сотқа жолдады.