Бизнесті қорғауға арналған жаңа жобалар туралы түсіндірді

Бизнесті қорғауға арналған жаңа жобалар туралы түсіндірді

Бизнесті қорғауға арналған жаңа жобалар туралы түсіндірді
ашық дереккөзі
50395
Қазақстан Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасы бизнесті қорғау және тексерудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа жобалар туралы түсіндірді. Бизнесті заңсыз тексерулерден және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының басым міндеттерінің бірі. Егер сұрау салуды электронды режимге ауыстыру арнайы есепке алу бойынша адамдарды интерактивті тексеру бойынша бұрынырақ қолға алынған жұмыстардың логикалық жалғасы болса, ал электронды тексерулерді жоспарлау мен тіркеудің электронды жүйесі комитеттің мүлдем жаңа жобалары болып саналады. «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы акті құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті түрде тіркелуі тиіс. Осы құзыреттің шеңберінде бизнес субъектілерін заңсыз тексерулерден қорғау және болдырмау мақсатында Қазақстан Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен Qamqor мобильді қосымшасы әзірленген. Бұл қосымша бизнесті қорғауға және кәсіпкерлерге қатысты тексерулер туралы ақпаратты алуға бағытталған», – деп түсіндірді басқарма. Мобильді қосымшаның көмегімен кәсіпкерлер QR-кодты сканерлеу арқылы тексеруді тағайындау туралы электрондық актінің тіркелгені немесе тіркелмегені туралы ақпаратты, оның ішінде тексеруге қатысатын тұлғалар, мерзімдері, негіздері, тексеру тақырыбы жайлы тексере алады. Бұған қоса, аталған қосымшада прокуратура органдарына онлайн режимде шағым жолдаудың функционалы қарастырылғанын атап өткен жөн. Мобильді қосымша Play Market (Android) және App store (iOS) арқылы жүктеу қолжетімді. Статистикаға тоқталар болсақ, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік органдармен 2022 жылдың 8 айында жалпы 5 815, оның 657 жеке кәсіпкерлік субъектісіне (шағын кәсіпкерлікке – 210, оның ішінде микро кәсіпкерлікке – 111), орта кәсіпкерлікке – 229, ірі кәсіпкерлікке – 218) қатысты тексеру жүргізілген. Сонымен қатар, Қазақстан Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасымен 2022 жылдың 8 айында мемлекеттік органдармен бизнес субъектілеріне қатысты заңсыз тағайындалған 20 тексеру анықталып, тіркеуден бас тартылды. Нәтижесінде, прокурорлық қадағалау актісінің негізінде кінәлі лауазымды тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылып, заңсыз тексерулерді тіркеуден бас тарту арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілердің құқығы қорғалды.  

Раушан НАРБЕК,

Түркістан облысы

   

Серіктес жаңалықтары