50265
Итті КамАЗ-бен сүйреген тұрғын әрекетін түсіндірді
Итті КамАЗ-бен сүйреген тұрғын әрекетін түсіндірді
Алматы облысы Еркін ауылында итті жүк көлігіне байлап, көшеде сүйреген жүргізуші неге мұндай әрекетке барғанын түсіндірді. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 25 қыркүйекте Талғар ауданында болған. Сол күні Алматы облысы ПД бастығының тапсырмасы бойынша тексеру басталды.
«Тексеру нәтижесінде жүк көлігінің жүргізушісі С., (1980 ж. т.) Талғар ауданының полиция басқармасына жеткізілді», - деді Рустам Әбдірахманов.Жүргізуші көлігі бұзылып тоқтаған кезде белгісіз біреулер итті көлігіне байлап кеткенін айтқан. Итті жанында кетіп бара жатқан басқа көліктегілер сигнал бергенде ғана байқағанын жеткізген. «Аталған дерек бойынша Талғар аудандық полиция басқармасында ҚР ӘҚБтК-нің 407-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram