Қырғыз ҰҚК басшысы Парламентке екі жәшік автоматпен келген

Қырғыз ҰҚК басшысы Парламентке екі жәшік автоматпен келген

Қырғыз ҰҚК басшысы Парламентке екі жәшік автоматпен келген
ашық дереккөзі
50247
Жогорку Кенеш депутаты Адахан Мадумаров Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік  комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев Парламентке автоматтары бар екі жәшік әкелгенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.
«Мемлекетте ғана емес, Жогорку Кенеште де күрделі жағдай қалыптасты. Соңғы рет ҰҚК басшысы Парламентке автоматтары бар екі жәшікті сүйреп апарды. Бұл – жабайылық. Біз заң шығарушы ретінде әрбір қозғалыстың заңдылығына баға беруіміз керек. Олай жасай алмасақ, онда біз өз жұмысымызды орындай алмағанымызды мойындауымыз керек», - деді қырғыз депутаты.
ҰҚК басшысының Парламентке неге қару алып келгені белгісіз болып отыр.

Серіктес жаңалықтары