Қуат Хамитов уақытша тіркеу ережесіне қарсылық білдірді
Қуат Хамитов уақытша тіркеу ережесіне қарсылық білдірді
Грек-рим күресінен Қазақстанның спорт шебері, APFC ұйымының (Қазақстан) және WBK ұйымының (Қытай) чемпионы, «Найман» лақап атымен белгілі Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында уақытша тіркеу бойынша жаңа ережелерге наразылығын білдіретін жазба жариялады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлайды.
28 жастағы спортшы Қуат Хамитов Қазақстан тұрғындарының өз елінде жүріп-тұруына неліктен ақы төлеу керектігін түсінбейтінін жеткізді. Осылай дей келе Хамитов уақытша тіркеу бойынша алдына келетін адам болса, құр отырмайтындығы туралы жазады.
Спортшы жазбасының мазмұны мынадай: «Біздің елде шешілмеген мәселелерді тізбектеу мүмкін емес. Ауылдар құрып барады, барлық жерде жұмыссыздық, жұмыс орындары қысқаруда. Азық-түлік, коммуналдық қызмет, бәрінің бағасы шарықтап тұр. Байғұс зейнеткер тізгінде отырып, камераға түсіп қалып, айыппұл төлесе, бір ай аш отыруы керек. Алматыдан 100 шақырым асса болғаны, басқа өмір басталады, жолдар 45 жылдан бері жөндеу көрмеген. Жастар ішкіш болып барады, адам өлтіру мен тонау көбейді. Барлығы аштан өлмес үшін қалаға барады. Енді ол адамдар өз елінде бір жерге барғаны үшін ақша төлеуі керек пе??? Ант етемін, маған біреу тіркеу мәселесімен келетін болса, оны сол жерде көміп тастаймын! Қазақстан мұнай, газ, алтын, күміс, уран, қол, алюми́ний, көмір және тағы сол сияқтылардан әлемде бестікке кіреді. Халық онсыз да оларды көріп отырған жоқ! Енді осыдан кейін халықты АЕК-теріңмен тонамақсыңдар ма??? «Алға Қазақстан» деп айғайлай берген патриот емес, өз халқының мұңын түсіне білген адам. Елімізде қиындықтар жетіп артылады, ал олар болса АЕК заңын ойлап тауыпты».