50194
Пәтерден заңсыз шығарылғандар сотта жеңе алады – министр
Пәтерден заңсыз шығарылғандар сотта жеңе алады – министр
Әділет министрі Қанат Мусин пәтерден заңсыз шығарылған қазақстандықтардың сотта жеңе алатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz «Хабар24» арнасына сілтеме жасап
Оның айтуынша, келісімшарт ауызша жасалса да, тиісті дәлелдерді ұсыну арқылы өз құқығыңды заңдық негізде қорғауға болады.
Пәтерді жалға алу – азаматтық-құқықтық мәміле. Мусиннің айтуынша, дау туындаған жағдайда оны сот арқылы шешу қажет. Министр құқық қорғаушыларды дәл осындай жағдайға тап болған қазақстандықтарға қолдау көрсетуге шақырды. Мұдай жағдайда «119» бірыңғай желісіне қоңырау шалуға болады.
«Жалға беруші пәтер құнын қымбаттата алады, бұл – оның құқығы. Алайда келісімшартта бағаның өсетіні туралы алдын ала ескерту мерзімі көрсетіледі. Бұл тараптарға қатысты заңдық негізде белгіленген талаптар», – деді Қанат Мусин.